Әлем Тілдеріндегі «Ана» Лексемасының Грамматикалық Және Мағыналық Ұқсастықтары Мен Өзгешелігі


Özet Görüntüleme: 49 / PDF İndirme: 16

Yazarlar

  • Kalimatova Aknur JENISKYZY Kh.Dosmukhamedov Atyrau Devlet Üniversitesi

DOI:

https://doi.org/10.5281/zenodo.12637820

Anahtar Kelimeler:

"Arşillable", "Makbuz", Dünya Dilleri, Sözcük Birimi "Ana", Anlambilim

Özet

Дүние жүзі бойынша тілші ғалымдарды үнемі қызықтыратын, әрі жиі талдау нысанына ілігетін бағыт - тілдер арасындағы мәдениатаралық байланыс, тіпті, бір-біріне мүлде байланысы жоқ деп танитын әлем тілдеріндегі кейбір тілдік тұлғалардың, нақты тілдік фактілердің ұқсастығы. Тіл білімінде салыстырмалы-салғастырмалы зерттеулер жүргізу арқылы әр халықтың мәдениетімен таныса отырып, тіл-тілдегі лексика-грамматикалық ұқсастықтарымен қатар, айырмашылықтарының қай деңгейде, қай тұлғаларда екенін тануға да көп мүмкіндік аламыз.

Зерттеу жұмысымызға өзек болған «ана» лексемасына әлемдік тілші ғалымдардың қызығушылығын тудырған, көне замандардан тамыр тартып, грамматикалық та, лексикалық та мағынаны бойына жинайтын архесиллаб (түбіртек) арқылы тоқталуды жөн санадық. Түбіртек теориясы - тілші ғалымдардың көпшілігіне әлі де таныс емес, тың тақырып. Күні бүгінге дейін бөлуге, одан әрі бөлшектеуге келмейтін түбір сөз деп танып жүрген тілдік формаларымыздың өзін одан әрі де бөлшектеуге болатынын анықтау тіл білімінде ірі жаңалық болды. Дегенмен, қазақ ғалымдарынан осы мәселені елу жылдан астам зерттеп, іргелі талдаулар жасаған ғалым, профессор Б.Сағындықұлының «Қазіргі қазақ тілі» еңбегін басшылыққа ала отырып, «ана» лексемасының ежелгі дәуірлерден бергі тілдік, әрі тарихи өзгерістерін талдауға мүмкіндік алдық.

Талдау барысында түркі халықтарының тілдерінде кездесетін екпін, элизия секілді құбылыстардың межемен қай уақыттарда қалыптасып, тұрақталғанын да байқадық. Осы бағытта жасаған зерттеулеріміз әлем тілдерінде «ана» тілдік тұлғасының түбірі де, тұлғасы да ұқсас болып келетінін бірден байқатты. Дегенмен, әр халықтың географиялық, экономикалық, әрі тілдік ерекшеліктеріне байланысты уақыт өте келе *нана-мама-ама-еме-ана-анна-енне-ене-ине  формаларына ауысқан.

 

 

İndir

Yayınlanmış

2024-07-04

Nasıl Atıf Yapılır

JENISKYZY, K. A. (2024). Әлем Тілдеріндегі «Ана» Лексемасының Грамматикалық Және Мағыналық Ұқсастықтары Мен Өзгешелігі. Trk Dergisi, 5(1), 63–73. https://doi.org/10.5281/zenodo.12637820