The concept of"hero" in the National conceptosphere


Abstract views: 48 / PDF downloads: 11

Authors

  • Amanzhanova Aruzhan NURLYBEKKYZY Kh.Dosmukhamedov Atyrau Devlet Üniversitesi

DOI:

https://doi.org/10.5281/zenodo.12637633

Keywords:

National Conceptosphere, "Hero" Concept, Folklore Works, Cognitive Linguistics, Mythological Worldview, Ethnocultural Worldview

Abstract

Ауыз әдебиетінің ең бай, әрі көне жанрының бірі – батырлар жыры. Батырлар жыры ежелгі халық өмірінің бүтін бір болмысын, тұрмыс-тіршілігін, өмір салты мен қоса сыртқы жаулармен болған қарсылықты соғыс көрінісін, бір елдің ішіндегі әлеуметтік тартысын толық қамтып, оған қоса батыр бейнесін толық көрсетеді.  Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлар жырының негізгі қаһарманының бейнесі «батыр» макроконцептісінің төңірегінде көрініс табады. Не үшін «батыр» концептісін макроконцепт дейміз? Себебі, «батыр» концептісі негізгі қаһарманның асынған садағы, қынабындағы қанжалы, беліндегі қылышы, астына мінген тұлпары, жанындағы серігі, оны, яғни батырды, құдайдан тіленіп жүріп сұрап алған қарт ата-анасы, сүйген сұлу жары секілді микроконцептілерден тұрады. Зерттеу мақалада «батыр» концептісі талданған. Әлемнің тілдік бейнесінде «батыр» концептісі ұлттық сипатта анықталады. Фольклорлық шығармалардағы «батыр» концептісін талдау барысында Д.С. Лихачев, Ж.С. Ергубекова, Б.М. Тілеубердиев пікірлері негізге алынды. Қазақ халқының дүниетанымында «батыр» концептісі ұлттық сипатқа ие. Эпикалық шығармаларда батырдың қаһармандық ерлігі, қару-жарағы, тұлпары негізінде бейнеленеді. Батырлар жырында «батыр» бейнесі мифологиялық дүниетаныммен байланысты. Мифтік таным бойынша демиург немесе алғашқы адам жайлы түсініктер кейіннен батыр ұғымымен жалғасады. Осылайша қаһармандық жырдағы батыр бейнесі халықтың ментальды танымын, рухани тәжірибесінің көрінісі ретінде анықталады. Зерттеу мақаланың басты нысаны «батыр» концептісінің эпикалық шығармаларда берілуімен қатар, бүгінгі күнгі ұлттық танымда бейнелетініне талдау жасау. Осылайша «батыр» концептісінің бүгінгі күнмен байланысын анықтауда сауалнама әдісімен талдау жасалынды.

Published

2024-07-04

How to Cite

NURLYBEKKYZY, A. A. (2024). The concept of"hero" in the National conceptosphere. Trk Dergisi, 5(1), 54–62. https://doi.org/10.5281/zenodo.12637633